Сургамж, бодол, ухаарал

2013-01-22

Моңғолия Азаматтарының заңдық құқығын қорғау менің басты міндетім

Құрметті оқырман қауым! Kaznews.mn Ұлттық порталына берген сұхбатымды сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын.

Моңғолия азаматтарының құқығы жайлы не айтасыз?

Моңғолия азаматтары Моңғол үкіметінің алғашқы негізгі заңын бекіткеннен бері заңдық көрсеткіші бойынша барлық құқығы толық қорғалып келеді. Негізгі заңның көрсетуі бойынша Моңғолия үкіметінің барлық азаматтары заң алдында тең құқықты. Қазіргі Демократиялық қоғамда кім не істегісі келсе, бәріне де еркіндік берілген. Бірақ осы іс әрекеттердің барлығы заң аясында болуы тиіс.

Қазіргі қоғамда жеке адам жұмысқа кіру үшін заңдық тұрғыда нені ескерген жөн, осы жайында заңдық кеңес бере отырсаңыз?

Жеке адам өзінің оқыған мамандығын игеру дәрежесіне байланысты қоғамның әр саласындағы ұйымдарға жұмысқа қабылдана алады. Жұмысқа қабылдану үшін жеке адам  «Еңбек заңы» бойынша заңдық құжат толықтау тиіс. Бұған:

- Арыз (оқыған мамандығы, шыдамы, қоғамдық белсенділігі, т,б.)

- Жұмыс орны туралы мәліметпен толық танысу

- Жұмысқа қабылдану үшінгі сынақты табысты беру – деген сияқты заңда көрсетілген нәрселерді орындау тиіс. Біздің кейбір азаматтар  осы еңбек заңын жақсы білмегендіктен заңдық құқығын толық иелене алмай отырған жағдайлар бар. Сол үшін жұмысқа қабылданар алдында «еңбек шартын» толығымен жасау керек. Бұл еңбек шарты жасаудың маңызы өте зор. Еңбек шарты дегеніміз мыналар:

- Лауазым (сол жұмыс орындағы өз деңгейі)

- Міндет (істейтін жұмысының негізі)

- Еңбек жағыдайы

- Негізгі жалақы – сияқты мәліметтер кіреді. Осы заңдық шартқа жұмысқа қабылдаушы мен жұмысқа үміткер екеуі қол қойған жағдай да ғана қуатты болады.

Жұмысқа қабылдану барысында заңдық тұрғыда бұдан өзге қандай жағдайларды ескерген жөн?

Сол жұмысқа қабылданатын ұйымның ішкі режімін толық білу керек. Ішкі режім дегеніміз сол ұйымның ішіндегі әр бір жағдайларға байланысты көрсетілген заңдық құқықтар мен міндеттері.

Бұдан тыс жұмыс орнының анықтамасын жақсы білу керек. Осы анықтамада көрсетілмеген нәрсені істеуге  тиіс емес. Және де жұмыс сағатына өте назар аударған жөн. Жалпы заңдық көрсеткіш бойынша жұмыскер адам 1 күнде 8 сағаттан артық емес, 1 аптатада 40 сағаттан артық емес жұмыстауы тиіс. Осы мәселені де әр бір  жұмыстағы адам ескерген жөн.

Заңнан тыс жұмыстан босату немесе жұмысқа алу жағыдайы бар ма?

Қазіргі кезде жұмыстан босатылу негізгі себебі саясатқа байланысты болып отыр.  Одан мамандығына өз білімі жетіспеуі, жұмысшының өз қателігі, сондай-ақ ұйымның ішкі режіміне сай келмей, еңбек шартынан тыс жұмыстау сияқты мәселелерге байланысты жұмыстан босаудың негізгі себептері бар. Сондықтан партиялық көзқарастан алыс жүріп әр-бір адам өзінің жеке жұмысына ғана назар аударған жөн.

Өткенде жергілікті жерге барып келдіңіз, қарапайым малшы қауымның  заңдық құқығы толық қорғалып отыр ма?

Осы заң жөнінде айта кететін тағы бір нәрсе Таукен, қазба байлық жағыдайы. Жергілікті жердегі қарапайым халық, малшы бұқараның жайылым қоныс, қаша- қоралары, шет елдік Таукен компанияларының қарамағына кіріп отырған жағыдайлар бар. Осындай компанияның жұмысы қарқынды жүріп, кен өндірістері салынып, жерден әр-түрлі қазба байлықтар алынып жатыр. Мұндай компанияладың зияны әсіресе малшы қауымға ауыр тиіп отыр. «Жер байлығы» заңы бойынша жерге байланысты дауды жер иесі және Лицензия иесі келісіп шешуі тиіс. Бірақ мұндай жағдайлар толық шешілмей отыр. Мұның себебі біздің қарапайым малшы халықтың заң жайлы мағлұматы аз. Осынай кейбір келеңсіз жағыдайларға заңдық тұрғыдан көмек етіп, өз мүмкіндігімізше қол ұшын беріп, заңдық ұйымдармен бірлесе жұмыстап жатырмыз.

Малшы қауымның жайылым қоныс жерінің шет елдік Таукен компанияларының қарамағына өтуіне байланысты заңдық тұрғыдан қандай іс шаралар қолданасыздар.

Мұндай жағыдайда қарапайым халық, малшы қауымның заңдық құқығын қорғау үшін біздер МҰҚ мүшелері, Табиғи ортаны қорғау заңгерлер ұйымы, Стратегиялық ақтаушылар одағы, т.б-дай заңдық ұйымдарға өтініш білдіру арқылы заң бойынша шештіреміз. Мұндай міселені тез арада жер туралы заң бойынша шештіріп малшы қауымның құқығын қорғау үшін ат салыса жұмыстаймыз.

Біздің аймақта еңбек заңынан тыс істелген істер, қателіктер бар ма?

Ең бірінші айтатын нәрсе жұмысқа қабылданушы және жұмысқа үміткер еңбек заңы жайлы толық түсінікті болу керек. Еңбек шартын жұмысқа үміткер әр-бір адам толық жасауы керек. Еңбек шарты жұмысшының өзін қорғайтын бірден-бір заңдық құжат. Осы заңдық құжатпен жақсылап танысып, өзіне міндетті түрде бір есесін алып қалуы тиіс. Осылай еңбек шартына қол қойып, бір есесін алған жағыдайда ғана сіз заңдық жұмысшы бола аласыз. Заңдық шарттарды толық жасамаған, бір есесін өзіне алмаған көптеген жағыдайлар кезігіп отыр.

Жұмыс сағатын ұстамау және жұмыстаған жалақы уақытында берілмеуі жайлы не айтасыз?

Жоғарыдағы айтылғандай Еңбек заңында күніне 8 сағаттан артық емес аптасына 40 сағаттан артық емес  жұмыс істеуге тиіс. Ал кейбір жеке меншік ұйымдарда күніне 12 сағатпен 7 күн бойы жұмыстайтын жағыдайлар кезігіп отыр. Сондықтан заң бойынша әр-бір жұмысшы өз құқығын қорғау керек.

Әлеуметтік және денсаулық сақтандыру ақысын төлеудің себебі не, жұмыстаған адам үшін қандай пайдасы бар?

Еңбек зыңы бойынша Әлеуметтік сақтандыру және денсаулық сақтандыру ақысын жұмысшы адам міндетті түрде төлеуі тиіс. Еңбек шартын істеуші ай сайын негізгі жалақысының 10%-ын Әлеуметтік және денсаулық сақтандыру ақысы деп төлейді. Бұл әлеуметтік және денсаулық сақтандыру ақысы деп төлеген ақша өзінің атындағы  есеп шотына кіреді. Бұл есеп шоттағы ақша зейнет ақы және жұмыстан шығып қалса, жұмыссыздық жәрдем ақысы, қандай бір қауіп-қатерге жолықса сондай-ақ денсаулық даяшылық кезінде өз көрсеткіші бойынша қайталанып беріледі. Кейбір жеке меншікті ұйымдар осы әлеуметтік және денсаулық сақтандыру ақысы төлемей отырған жағыдайлар байқалып отыр. Мысалы: жұмысшы айына 40 мың төгрөг  төлесе, сол жұмыс беруші ұйымнан да 40 мың төгрөг төленетіндіктен осы ақшадан қашып заң бұзушылық жағыдайлар қаралып отыр. Сондықтан мейлі қандай ұйымдықта жұмыстаса да  осы әлеуметтік және денсаулық сақтандыру ақысы төлеуі керек.

Сөз соңында азаматтарға заңдық тұрғыдан басқадай қандай кеңес берер едіңіз?

Қазіргі демократиялық еркін қоғамда заң білмеушіліктен болып жеке адам өз құқығын толық қорғай алмай отырған жағдайлар бар. Сол үшін Баян-Өлгий аймағында өмір сүріп отырған қазақ ағайындар заңдық танымдылығын жоғарлатса, қандай да бір жұмыс, іс-шараны заң бойынша істесе өзгеге де, өзіне де зиянды болмас еді – дегенді айтқым келеді.  Осы адам құқығы бұзылмау үшін, ал бұзылған жағыдайда соны қорғау үшін өз үлесімді қосып жұмыстаймын.

Жарайды жұмысыңыздан сәттілік тілейміз. Жоғардағы айтылған заңдық кеңесіңізден біздің әр ұйымның жұмысшылары, жастар көптеген мәлімет алды деп сенеміз. Әңгімеңізге рахмет. 

Шынарбек Сейітқанұлы,  KazNews.mn


. Сэтгэгдэл бичих! . Найздаа илгээх! . Уншсан: 197 удаа

Сэтгэгдлүүд




:-)
 

Миний тухай

Холбоосууд

. Нүүр хуудас
. Танилцуулга
. Архив
. Email Me
. RSS тандагч

Найзууд

Тоолуур

Миний блогийн 12966 дахь зочин та тавтай морилно уу!


© 2008
Бичлэг: 7 » Нийт: 7
Өмнөх | Дараагийн